Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада 11 жастағы мектеп оқушысы 850-ден астам кітап оқыған

Астанада 11 жастағы мектеп оқушысы 850-ден астам кітап оқыған
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астаналық оқушы 800-ден астам кітап оқып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы атанды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

11 жастағы Алтынай Өтеубаева – кітап оқуды бала кезінен серік еткен астаналық оқушы. Ол бүгінге дейін төрт тілде – қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерінде 853 кітап оқып үлгерген.

Алтынай кітапқа төрт жасынан қызыға бастаған. Әсіресе шытырман оқиғаларға негізделген шығармаларды ұнатады. Оқыған кітаптарының мазмұнын еркін баяндап, кейіпкерлері мен оқиғалары туралы қызыға әңгімелейді.

Оқушы қазақ, ағылшын және француз тілдеріндегі кітаптарды еркін оқиды. Шет тіліндегі әдебиеттерді ата-анасы арнайы Ұлыбританиядан алдырып отырған.

Алтынай бұған дейін Астана қаласындағы №17 мектеп-гимназиясында білім алған. Биыл өзінің білімге деген қызығушылығы мен ізденісін жаңа ортада жалғастырып, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы атанды.

Кітапты жастайынан өмірінің бір бөлігіне айналдырған Алтынайдың мақсаты – оқуды тоқтатпай, жаңа шығармалармен танысып, білім көкжиегін кеңейту.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді