Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Корея ет бұқтыратын бірлескен цех құрылысын жүргізеді

Қазақстан мен Корея ет бұқтыратын бірлескен цех құрылысын жүргізеді
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Қазақстан мен Корея ет бұқтыратын бірлескен цех құрылысын жүргізеді. Цех құрылысы Қазақстанда жүреді, жобаны қазақстандық тараптан Samsar Investment жүргізеді. Ал екі тараптан инвестиция құны 1,3 млн АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы келісім Алматыда өткен Қазақстан-Корея бизнес форумында жасалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 

Одан бөлек Қазақстан Оңтүстік Корея еліне құны 13 млн АҚШ доллары болатын 1мың тонна сиыр етін экспорттамақ. Бұған қоса қазақстандық Samsar Investment айына 3мың тонна рафинадталған күнбағыс майын экспорттау туралы келісімге келді.Жалпы екі елдің 200-ден астам бизнес өкілі қатысқан бизнес форум қорытындысы бойынша жалпы құны 54,8 млн АҚШ долларын құрайтын коммерциялық құжаттарға қол қойылды. Бизнес форумға Оңтүстік Кореяда 55 жыл бұрын негізі қаланған Корея импорттаушылар қауымдастығы (KOIMA) жүзге жуық бизнес делегациямен арнайы келген. Бұл кездесу биыл маусым айында Сеулде өткен KoreaImport Expo 2026 көрмесінің сәтті жалғасы болып отыр. Аталған көрмеге қазақстандық ауылшаруашылығы және тағам өндірісімен айналысатын 15 компания қатысып,қазақстандық ауылшаруашылық өнімдеріне қызығушылық артқан.

«Қазақстан тек табиғи ресурстарға бай мемлекет қана емес, сонымен қатар Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды экономикалық және логистикалық орталық. Энергетика, өнеркәсіп және стратегиялық маңызы бар пайдалы қазбалар салаларындағы артықшылықтарымен қатар, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібініңтұрақты дамуы Қазақстанға Корея Республикасына тауар жеткізу тізбектерін әртараптандыру және нығайту үшін айтарлықтай мүмкіндіктер береді», - деді Корея импорттаушылар қауымдастығының (KOIMA) төрайымы Ён Ми Юн бизнес форумда сөйлеген сөзінде.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы сауда айналымы жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 3,17 млрд АҚШдолларын құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 1,3%-ға артқан. Ал 2026 жылдың қаңтар–маусым айларында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте Қазақстан өнімдерінің Кореяға экспорты 17,2%-ға өскен.

«Корея Республикасы Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық серіктесі. Біздің елдеріміз арасындағы байланыс 1992 жылдан бері орнаған дипломатиялық,сауда-экономикалық байланыс өзара сеніммен ынтымақтастыққа негізделе дамып келеді. Біз үшін сауда көлемін ұлғайту ғанаемес, сонымен қатар дайын өнімдер мен қосылған құны жоғары тауарлар экспортын арттыру маңызды», - деді бизнес форумға қатысқан сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков.

Ресми бизнес-форум соңында қазақстандық өнімдердің көрмесі өтіп, кореялық бизнес делегацияға ет өнімдерінен дегуцтациялық кешкі ас ұйымдастырылды. Меркедегі «Terra» ЖШС сиыр және қой етінен стейк ұсынды. 

Көрмеге Arba Wine,Голд Продукт, Алматинский продукт, Lemonadoff, Elimay Qymyz, Тәп-тәтті,Бурненская молочная компания, Вкус Благости, Мерке Ет, Terra, Fresh Milk, Honey100%, Баян-Сулу, Аланс сияқты ірі компаниялардың өнімдері қойылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді