Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық 25 жыл қамаудан кейін бостандыққа шығып, қайта сотталды

Қазақстандық 25 жыл қамаудан кейін бостандыққа шығып, қайта сотталды
Фото: Tengrinews.kz

Петропавлда 2024 жылы 25 жыл қамаудан кейін бостандыққа шыққан 62 жастағы ер адамға жаңа үкім шықты. Ол әйел адамға шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп танылып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәселе 62 жастағы Валерий Кричиневский туралы болып отыр. 1990-шы жылдардың аяғында ол Петропавлда әйелдерге шабуыл жасап, "балталы маньяк" деген атпен танымал болған еді.

Бұл адам жасаған қылмыстар туралы Tengrinews.kz тілшісіне бұған дейін ішкі істер органдарының ардагері Игорь Семенов айтып берген болатын.

"Кричиневскийдің құрбандарының бірі бірінші сынып оқушысы болды. Оның денесі 1998 жылы 19 желтоқсанда орман алқабынан табылды. Қыз бала мектептен үйіне келуі керек еді, бірақ оралмады. Ата-анасы іздеуге кірісіп, полицияға жүгінді. Орман алқабын тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті алдымен мектеп сөмкесін, содан кейін қарға көмілген, басы жарылған және денесіне 13 жерден пышақ сұғылған қыздың денесін тапты. Ол үйіне небәрі 400 метр жете алмай қалған", - деп еске алды СҚО ішкі істер органдарының ардагері Игорь Семенов.

Жеті жасар қызды өлтіруден бөлек, Кричиневскийдің есебінде зорлық-зомбылық қолдану арқылы жасалған тағы 11 қарақшылық шабуыл бар. Оның барлық құрбаны 20 мен 60 жас аралығындағы әйелдер болған. Алған жарақаттарына қарамастан, олар аман қалды.

"Кричиневский үйінен үнемі кенеп қапқа балта салып шығып, өз құрбандарын қала шетінде, саяжайға баратын жолдарда және жеке сектор маңындағы иен көшелерде аңдыған. Ол ешқашан құрбандарына алдынан келмеген, артынан ұрланып барып, балтаның шүйдесімен басынан ұрып, содан кейін тонап, зорлаған. Кричиневскийдің үйін тінту кезінде құрбандарынан тартып алынған алтын бұйымдар мен үлбір бөріктерден бөлек, өзі өлтірген қыздың тонынан тігілген тәпішке мен жұмсақ ойыншық табылды. Ол бұл заттарды және қылмыс кезінде қолға түсірген барлық олжасын әйеліне сыйлап отырған", - деді Игорь Семенов.

1999 жылы бұған дейін ұрлық, көлік айдап кету және өзге де қылмыстары үшін екі рет сотталған Кричиневский қарақшылық, зорлау, тонау және бала өлтіргені үшін 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ол жазасын толық өтеп, 2024 жылдың қаңтарында бостандыққа шықты.

Оның бостандыққа шығуы үлкен шу тудырды. Петропавл тұрғындары ол қоғамға әлі де қауіпті екенінен және әйелдер мен балаларға қайта шабуыл жасауы мүмкін екенінен қорықты.

СҚО полициясы бұған дейін Кричиневский босатылғаннан кейін Петропавлға келіп, әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырылғанын және полицияда "әкімшілік бақылаудағы тұлға" санаты бойынша профилактикалық есепке алынғанын хабарлаған болатын.

Сот оның жүріс-тұрысын шектеп, коменданттық сағат белгіледі. Оған қаладан шығуға, алкоголь мен есірткі тұтынуға, сондай-ақ демалыс орындарына баруға тыйым салынды. Бұл шектеулердің сақталуы электронды білезік арқылы қадағаланды.

Оның деректері кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған адамдардың есеп картасына енгізілді. Полиция "оны бақылауда ұстаймыз" деп мәлімдеген.

Екі жыл бойы ол полиция тарапынан ешқандай ескерту алмай, күзетші болып жұмыс істеді. Бірақ 2026 жылдың маусымында қайтадан шабуыл жасады.

Іс материалдары және жәбірленушінің айтуы бойынша, Петропавлдың 54 жастағы тұрғыны күндіз қала шетіндегі саяжайынан қайтып келе жатқан. Жолда оны егде жастағы ер адам тоқтатып, өзі іздеп жүрген сиырын көріп-көрмегенін сұраған. Әйел тоқтаған кезде, ер адам оны жерге құлатып, буындыра бастаған. Жәбірленушінің айтуынша, сол сәтте оның жанары "жыртқыш аңдай" болып көрінген.

Шабуылдаушы қолын босатқан кезде, әйел тұрып қашуға тырысқан, бірақ ол қуып жеткен. Егер кездейсоқ өтіп бара жатқан адам шабуылдаушыны үркітіп жібермегенде, бұл жағдай немен аяқталары белгісіз еді. Қылмыскер әлгі ер адамға алаңдаған сәтте, әйел велосипедіне мініп, тасжолға қарай қашқан. Ол жерде көлікті тоқтатып, жүргізушіден полиция шақыруды өтінген.

Күдікті екі сағаттың ішінде ұсталды. Оның сырт келбеті жәбірленушінің сипаттамасына сәйкес келді, ал электронды білезік деректері оның сол жерде болғанын растады.

Кричиневскийдің ісін Петропавл соты жабық режимде қарады. Оған адам өлтіру қаупімен жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға оқталу айыбы тағылды. 7 қыркүйекте судья Тахмина Сабырова үкім шығарды.

"Сот үкімі: Кричиневский Валерий Евгеньевич кінәлі деп танылсын, оның әрекеттерінде қылмыстың қауіпті рецидиві бар. Оған жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеумен тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деп судья Сабырова үкімнің қарар бөлімін жариялады.

Айта кетейік, бұл - мұндай қылмыс үшін тағайындалатын ең жоғарғы жаза. Сондай-ақ сотталушы кінәсін мойындамағаны, ол тек әйелді тонап, ақшасы мен телефонын тартып алғысы келгенін алға тартқаны белгілі болды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді