Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет жеңіл өнеркәсіпті қолдау мен дамытудың жедел және жүйелі шараларын әзірледі

Үкімет жеңіл өнеркәсіпті қолдау мен дамытудың жедел және жүйелі шараларын әзірледі
Фото: primeminister.kz

Мемлекеттік сатып алу отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қолжетімді болады, қазақстандық шикізатты пайдалануға қойылатын талаптарды арттыру, ал мектеп формасының сапасына қойылатын талаптарды ұлттық стандарттар деңгейінде бекіту жоспарлануда. Сонымен қатар өнімді сертификаттау және зертханалық сынау үшін бизнес шығындарын азайту ұсынылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспсөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жеңіл өнеркәсіп өкілдерімен кезекті кездесуде жеңіл өнеркәсіпті қолдау және дамыту бойынша қосымша шешімдер пакеті ұсынылды. Ол тамыз айының басында вице-премьермен кездесуде айтылған отандық өндірушілердің ұсыныстарын ескере отырып дайындалды. 

Негізгі шешімдердің бірі – мемлекеттік қорғаныс тапсырысына қатысты. Жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатып алу кезінде шикізаттың елішілік құндылығына қойылатын талаптарды кезең-кезеңімен арттыру ұсынылады. Бұл қазақстандық шикізатты пайдалануды ұлғайтуға және жергілікті өндірушілердің неғұрлым тұрақты жүктемесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік сатып алуда отандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейту жоспарлануда. Ол үшін «Еңбек» РМК қылмыстық-атқару жүйесі арқылы бір көзден сатып алынатын жеңіл өнеркәсіп тауарларының тізбесін қайта қарау ұсынылады. Тізімде отандық кәсіпорындарға мемлекеттік сатып алуға неғұрлым кең қолжетімділікті ашып, ұйымның ішкі қажеттіліктері үшін ғана өнім қалдыру ұсынылады.

Өзгерістер мектеп формасына да әсер етеді. Оның сапасына қойылатын талаптарды Ұлттық стандарттарға сәйкестікті нормативтік тұрғыдан бекіту арқылы күшейту ұсынылады.

Сертификаттау және зертханалық сынақтардың құны да қарастырылды. Өткен кеңесте бизнес өкілдері мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін өнімді сертификаттаудың жоғары құнын атап өтті. Саланың ұсыныстарын ескере отырып, өнімді сынауға белгіленген тарифтерді көздейтін әдістемені әзірлеу туралы шешім қабылданды. Бұл қызметтердің құнын ашық етіп, өндірушілердің шығындарын төмендетуі керек. 

Жедел шараларды заңға тәуелді актілер деңгейінде, жүйелі шараларды заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы іске асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде Салық кодексіне және басқа да заңнамалық актілерге түзетулер пакеті дайындалды.

Негізгі құралдардың бірі – локализацияны жақсарту туралы келісім жасау. Өзіне тиісті міндеттемелерді қабылдаған кәсіпорындар салық жеңілдіктеріне, оның ішінде объектілердің орналасқан жеріне қарамастан, экстерриториялылық туралы норма есебінен құқық алады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді