Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полиция жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады

Астанада полиция жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады
Фото: polisia.kz

Астанада полиция жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана қаласының полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, айналасындағылардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірген 32 жастағы Porsche автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Оқиға түнгі уақытта Тұран даңғылында болған. Жүргізуші белгіленген жылдамдық режимін бұзып, автокөлікті 197 км/сағ жылдамдықпен басқарған. Мұндай әрекет жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Тексеру барысында ер адамның жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзғаны анықталды. Тек жыл басынан бері оның қатысуымен 30-дан астам құқық бұзушылық тіркелген, оның ішінде белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттырудың 14 фактісі бар.

Бұған дейін бірнеше рет жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, жүргізуші заң талаптарын елемеуін жалғастырып, белгіленген ережелер мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне ашық түрде немқұрайлы қараған. Осы факті бойынша ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Полиция азаматтарға жол – жылдамдық пен жауапсыздықты көрсетуге арналған орын емес екенін еске салады. Қала ішінде белгіленген жылдамдықты арттыру біреудің өмірін қиюы мүмкін. Әрбір жүргізуші жол қозғалысы ережесін өрескел, әрі жүйелі түрде бұзу – жай ғана әкімшілік құқық бұзушылық емес, айналадағы адамдарға төнетін нақты қауіп екенін түсіну қажет. “Заң мен тәртіп” қағидаты – қауіпсіз қоғамның негізі. Жол қозғалысының әрбір қатысушысы белгіленген ережелерді сақтап, айналасындағылардың қауіпсіздігіне құрметпен қарауға міндетті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді