Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жол ережесін 87 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды

Астанада жол ережесін 87 рет бұзған жүргізуші қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Елордада жол қозғалысы ережелерін өрескел әрі жүйелі түрде бұзған жүргізуші сот алдында жауап берді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол бірнеше ай бойы заң талаптарын әдейі елемей, қала көшелерін жарыс жолына айналдырған. "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері BMW автокөлігін басқарған 29 жастағы жүргізушіні анықтады. Ол биылғы наурыз бен маусым айлары аралығында 87 рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған. Олардың 55-і – белгіленген жылдамдықты асыру, 32-сі – қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақпен заңсыз жүру, сондай-ақ қарсы бағыттағы жолаққа шығу фактілері. Құқық бұзушылықтар бір реттік емес, жүйелі сипатта болған.

Мәселен, наурыз айында Тұран даңғылы мен Ақмешіт көшесінде бейнебақылау камералары жүргізушінің бірнеше рет сағатына 129–131 шақырым жылдамдықпен жүргенін тіркеген. Ал маусым айында ол қауіпті жүргізу мәнерін жалғастырып, Ғ.Мұстафин көшесінде сағатына 126 шақырым, ал Қ.Мұхамедханов көшесінде рұқсат етілген 60 шақырымның орнына сағатына 151 шақырым жылдамдықпен жүрген. Мұндай көлік жүргізу тәсілі жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген. Жүргізуші заң талаптарын елемей, айналасындағылардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, қоғамдық тәртіпке құрметсіздік танытқан. Жүйелі түрде құқыққа қайшы әрекеттер жасап, қоғамға анық құрметсіздік білдіргені үшін полиция қызметкерлері оны ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапқа тартты. Сот шешімімен ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полиция жол ережесін жүйелі түрде бұзу, агрессивті көлік жүргізу және басқа азаматтарға қауіп төндіру жазасыз қалмайтынын ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді