Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда 25 рет жол ережесін бұзған жүргізуші құрықталды

Қостанайда 25 рет жол ережесін бұзған жүргізуші құрықталды
Фото: Polisia.kz

Қостанайда 25 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қорғау" интеллектуалды жүйесінің көмегімен полицейлер жол қозғалысы ережесін жүйелі түрде бұзып, айналадағыларға қауіп төндірген Қостанай ауданының 25 жастағы тұрғынын ұстады. Ол шетелдік тіркеудегі BMW автокөлігін басқарған. Полицияның мәліметінше, жүргізушінің атына 25 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, оның 24-і – жылдамдықты арттыру дерегі. Олар автоматты тіркеу құралдары арқылы анықталған. Жиі жасалған бұзушылықтар мен жол ережелеріне немқұрайлы қарау өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген. Төленбеген айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 600 мың теңгені құрайды. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлігі арнайы тұраққа қойылды. Полиция жүргізушілерге жол ережелерін және жолдағы қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді