Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған экология және табиғи ресурстар, төтенше жағдайлар, мәдениет және ақпарат министрлерін таныстырды

Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған экология және табиғи ресурстар, төтенше жағдайлар, мәдениет және ақпарат министрлерін таныстырды
Фото: primeminister.kz

Олжас Бектенов жаңадан тағайындалған экология және табиғи ресурстар, төтенше жағдайлар, мәдениет және ақпарат министрлерін таныстырды, деп хабарлады kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Экология және табиғи ресурстар, Төтенше жағдайлар, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің ұжымдарына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған жаңа басшыларды таныстырды. Үкімет жетекшісі жаңадан тағайындалған экология және табиғи ресурстар министрін таныстыру барысында Ерлан Нысанбаевқа атқарған жұмысы мен экологиялық мәдениет қалыптастыруға және қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Премьер-министр Олжас Бектенов Әлібек Қуантыровтың мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесін атап өтіп, Президенттің министрлік алдына қойған міндеттерін айқындады. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасын одан әрі тиімді жүзеге асыруды жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысының орман алқаптарын одан әрі қалпына келтіру, қалдықтарды қайта өңдеу және ұлттық парктердің инфрақұрылымы арқылы тұйық циклды экономиканы дамыту жөніндегі тапсырмаларын толықтай орындау қажеттігі атап өтілді. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарын салу бойынша жобалар ерекше бақылауда болуы тиіс, кейіннен мұндай тәжірибені басқа өңірлерге де кеңінен тарату қажет. 

Премьер-министр Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына жаңа министр Мұрат Мұхановты таныстырды. Олжас Бектенов министр лауазымында атқарған жұмысы үшін Шыңғыс Әріновке алғысын білдіріп, ары қарайғы кәсіби қызметіне табыс тіледі. ТЖМ ұжымы мен жаңа министрдің алдындағы халық пен еліміздің аумақтарын төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету бойынша міндеттер қойылды. Олжас Бектенов азаматтық қорғаныс жүйесінің тиімділігін арттыру жұмыстарын жалғастыруды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету деңгейін арттыруды, құтқару бөлімшелерін материалдық-техникалық жағынан жарақтандыру барысын одан әрі нығайту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. 

Премьер-министр Мәдениет және ақпарат министрлігінің жаңа басшысы Арман Қырықбаевты таныстыру барысында Аида Балаеваға жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, оған Қауіпсіздік Кеңесіндегі жаңа қызметіне табыс тіледі. Премьер-министр Арман Қырықбаевтың орталық және өңірлік деңгейде мәдениет, ақпарат және ішкі саясат саласындағы елеулі жұмыс тәжірибесін атап өтіп, Президенттің жаңа басшы бастаған министрлік ұжымының алдына қойған міндеттерін айтты. Премьер-министр мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара сындарлы іс-қимылын дамыту жөніндегі жүйелі жұмыстың маңыздылығын атап өтті. Халықтың сұранысы мен қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік жастар және отбасы саясатын жүзеге асыру бойынша кешенді шаралар ұйымдастыруға назар аудару керек. Сондай-ақ этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жұмыстарын жүйелі үйлестіруді қамтамасыз ету қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
2 комментария
  • Siobhan
  • 04-09-2026, 00:37
  • : 00:37
The most well-known hot sex tubes on the web, Encounter TubePorn.TV! The horniest and prettiest women who appear in the greatest sex video you've ever viewed are the most spooky thumbs up! Choose from a large selection of inspiring porn films in any genre. web page
  • Lorrie
  • 04-09-2026, 15:06
  • : 15:06
Nearly all porn style, including ebony variants, can be discovered on Ebony Tube. In the Ebony Mother thumbnail, there is a black cougar getting nailed, and a fresh bombshell getting it from behind in the aisle photo for Ebony Teen. Only the tip of the iceberg of the page's list of niches include Ebony Squirting, Ebony Threesomes, Ebony Public, and Ebony Creampies. website
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді