Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда психотроптық зат таратпақ болғандар ұсталды

Алматыда психотроптық зат таратпақ болғандар ұсталды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері психотроптық заттардың заңсыз айналымы дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы қаласының Наурызбай ауданында полиция қызметкерлері Jetour автокөлігін тоқтатты. Кейінге қалдыруға болмайтын тінту барысында алдыңғы жолаушы орындығының төсенішінің астынан қара түсті барсетка табылды. Оның ішінен изолентамен оралған, ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар орама тәркіленді.

Тергеу барысында тәркіленген заттың психотроптық зат — мефедрон екені анықталды. Оның жалпы салмағы 392 грамды құрады. Психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Алматы қаласының 23 және 46 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Екеуіне де қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ұсталғандар Жетісу облысының аумағында жасырын орындарға есірткі қойып кету арқылы психотроптық заттарды өткізумен айналысқан. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғалар анықталады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді