Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада бірінші сыныпқа ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1,5 мыңға жуық бала барды

Астанада бірінші сыныпқа ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1,5 мыңға жуық бала барды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада жаңа 2026-2027 оқу жылында бірінші сыныпқа ерекше білім беру қажеттіліктері бар 1,5 мыңға жуық бала қабылданды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл елордадағы 206 орта білім беру ұйымында 337 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр.
33 мыңға жуық бала биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Астанада инклюзивті білім беруді дамыту және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр. Орта білім беру деңгейінде 5 мыңнан астам бала инклюзивті оқытумен қамтылған.

Бүгінде елорда мектептерінде инклюзияны қолдауға арналған 98 кабинет жұмыс істейді. Биыл тағы 20 осындай кабинетті ашу жоспарланып отыр.
Бұл кабинеттерде балаларға қажетті психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіліп, олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып білім алуына жағдай жасалады.

Инклюзивті ортаны дамыту балалардың қатарластарымен бірге білім алуына және қажетті қолдауды тікелей мектептен алуына мүмкіндік береді.
Жаңа оқу жылына дайындық барысында барлық оқушыға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда, елордадағы 38 білім беру ұйымында жөндеу жүргізілді.

Астанада инклюзивті білім беруді дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Негізгі мақсат – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім алуда тең мүмкіндік беріп, олардың толыққанды білім алып, дамуына қолайлы жағдай жасау.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді