Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

100-ден астам алматылық жас JAS CAMP аясында digital-жобалар әзірлейді

100-ден астам алматылық жас JAS CAMP аясында digital-жобалар әзірлейді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда биыл 29-31 тамыз аралығында жастарға арналған Digital Camp — JAS CAMP өтеді. Үш күндік білім беру бағдарламасы 100-ден астам жастың басын қосып, олар өздерінің цифрлық жобаларын әзірлейді. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар Алматыдан 18 шақырым жерде орналасқан «Арман Дала» демалыс аймағында жұмыс істейді. Олар 10 командаға бөлініп, идеяны қалыптастыру мен мәселені айқындаудан бастап, MVP — өнімнің минималды өміршең нұсқасын әзірлеуге және оны көпшілік алдында қорғауға дейінгі кезеңдерден өтеді. Лагерь қорытындысы бойынша 20-дан астам digital-жобаны таныстыру жоспарланып отыр.

Бағдарлама практикалық жұмысқа негізделген. Ол бес бағытты қамтиды: Idea → Product, AI & Digital, UX/UI және жобаны рәсімдеу, жобалық команданың жұмысы, Pitch & Storytelling. Қатысушылар мақсатты аудиторияны анықтауды, жасанды интеллект пен digital құралдарды пайдалануды, өнімді визуалды тұрғыда рәсімдеуді және жобаларды таныстыруды үйренеді.

Жалпы бес шеберлік сабағы және 10 сағаттан астам IT-әзірлеме қарастырылған. Бірінші күн команда құруға және идеялармен жұмысты бастауға арналса, екінші күні қатысушылар менторлармен бірге жобаларын әзірлейді. Үшінші күні жобалар пысықталып, Demo Day өтеді. Сондай-ақ, Digital Night — түнгі digital-хакатон ұйымдастырылады. Оның барысында командалар MVP мен презентацияларын әзірлеуді жалғастырады.


«Бүгінде цифрлық дағдылар қосымша құзырет қана емес, жастардың кәсіби дамуына қажетті негізгі құралдардың біріне айналды. Сондықтан біз үшін жастар теориялық білім алып қана қоймай, идеясын нақты өнімге айналдыруды үйренетін форматты қалыптастыру маңызды. JAS CAMP қатысушылары үш күн ішінде қалыпты жағдайда бірнеше айға созылуы мүмкін жолдан өтеді: команда құрып, мәселені айқындайды, оның шешімін әзірлеп, сарапшыларға ұсынады. Бұл лагерь көптеген жас үшін IT, кәсіпкерлік және жобасын жүзеге асыру бағытындағы алғашқы маңызды қадам болады деп сенеміз», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

JAS CAMP бағдарламасының қорытындысы Demo Day болады. Онда командалар интенсив барысында әзірлеген 20-дан астам жобасын таныстырады. Қатысушылар идеясын жүзеге асырумен қатар, командада жұмыс істеу, көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін жинақтап, IT саласындағы мамандықтармен танысады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді