Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері биыл пойыздардың шұғыл тежелуіне қатысты 846 фактіні тіркеді

Көлік полицейлері биыл пойыздардың шұғыл тежелуіне қатысты 846 фактіні тіркеді
Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері биыл пойыздардың шұғыл тежелуіне қатысты 846 фактіні тіркеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері көлік полицейлері пойыздардың шұғыл тежелуіне қатысты 846 фактіні тіркеген. Оның 474-інде теміржол бойында малдың болуы себеп болған.  Мұндай жағдайлар әсіресе Қызылорда, Шу, Атырау және Семей станцияларының маңында жиі кездеседі.

–  Кезекті оқиға 19 тамызда Ақмола облысындағы ОП-42 – Бабатай аралығында болды. Жүк пойызының машинисі теміржол жолында ұсақ малдың жүргенін байқап, дереу шұғыл тежегішті іске қосты. Алайда қабылданған шараларға қарамастан, соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. Соның салдарынан 5 бас мал қағылды, – деді көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікенов.


– Тексеру барысында малдың иесі анықталды. Ол Ақмола облысының 63 жастағы тұрғыны. Теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ол. 

Көлік полицейлері ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін малды ұстау және бағу талаптарына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Үй жануарларын қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оны теміржол маңында және теміржолдың бөлінген жолағында жаюға жол бермеу қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді