Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанға 113 тоннадан астам залалданған ауыл шаруашылығы өнімі кіргізілмеді

Қазақстанға 113 тоннадан астам залалданған ауыл шаруашылығы өнімі кіргізілмеді
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ираннан және Ресейден Қазақстанға әкелінген салат, арпа және қызанақ өнімдері партиясынан қауіпті карантиндік нысандар анықталды. Фитосанитариялық бақылау нәтижесінде залалданған өнімдерді ел аумағына өткізуге жол берілмеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР АШМ АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитетінің инспекторлары мемлекеттік шекарада фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, Маңғыстау облысындағы «Темір-Баба» автомобиль өткізу бекетінде Ираннан жеткізілген салмағы 9,9 тонна «Айсберг» салаты партиясынан батыс гүл трипсі (Frankliniella occidentalis) анықталды.

Аталған қауіпті карантиндік зиянкес Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» бақылау бекетінде де анықталды. Ресейдің Орынбор облысынан жеткізілген 0,7 тонна «Айсберг» салаты өінмдерінен батыс гүл трипсі табылған.

Сондай-ақ аталған елден әкелінген, жалпы көлемі 100 тоннаны құрайтын азық-түлікке арналған арпа өнімдерінен ауыл шаруашылығы алқаптарына қауіп төндіретін карантиндік арамшөп – жатаған кекіре (Acroptilon repens) анықталды.

Сонымен қатар Ақтөбе облысында салмағы 3 тонна қызанақ партиясын тексеру кезінде мамандар бірден екі карантиндік нысанды анықтады. Олар – оңтүстікамерикалық қызанақ күйесі (Tuta absoluta) және қызанақ жемісінің қоңыр әжімділік вирусы (Tomato brown rugose fruit virus).

Олардың барлығы «Фитосанитария» мекемесінің тіркелген зертханаларында жүргізілген фитосанитариялық сараптама нәтижелерімен расталды.

Анықталған фактілер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданып, айыппұл салынды.

ҚР АШМ АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті карантинге жатқызылған өнімдердің әкелінуіне қатысты күшейтілген фитосанитариялық бақылауды жалғастыруда. Негізгі міндет – ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіруі мүмкін қауіпті карантиндік нысандардың ел аумағына енуі мен таралуына жол бермеу және отандық агроөнеркәсіптік кешенді қорғауды қамтамасыз ету.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді