Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда екінші кезең аясында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 210 пәтер кезең-кезеңімен беріледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж, баспана кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Тұрғын үйді бөлудің екінші кезеңі аясында «Алтынай» тұрғын үй кешеніндегі 210 пәтер қала тұрғындарының игілігіне берілді.

Іс-шара барысында қала әкімі тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саясатындағы маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.

«Мемлекеттік қолдау ең алдымен шын мәнінде көмекке мұқтаж азаматтарға бағытталуға тиіс. Сонымен бірге тұрақты табысы бар еңбек ететін тұрғындарға еңбегінің нәтижесінде баспана алуға мүмкіндік жасау маңызды», – деді Дархан Сатыбалды.

Алматы әкімдігі «Отбасы банкі» АҚ-мен бірлесіп, 4 мыңнан астам пәтерді кезең-кезеңімен бөлуді жалғастыруда. Бірінші кезең аясында 885 пәтер берілсе, екінші кезеңде тағы 1 832 пәтер үлестіріледі. Сонымен қатар «Жұмыс істейтін жастар» бағдарламасы аяқталғаннан кейін босап қалған 1 мыңнан астам пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Тағы 594 пәтер несие шарттарымен ұсынылады.

Пәтерлерді бөлу бойынша конкурстар қыркүйек айының басынан бастап кезең-кезеңімен өткізіледі. Бұл ретте азаматтардың тұрғын үй кезегіне қойылған күні ескеріледі. Бұл баспананы бөлудің жүйелілігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қолданыстағы мемлекеттік қолдау тетіктері аясында табысы төмен азаматтарға жалдамалы тұрғын үй беріледі. Ал тұрақты табысы мен төлем қабілеті бар тұрғындарға несиеге берілетін тұрғын үй және жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар қолжетімді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді