Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды

Түркістан облысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында полицейлер жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы аудан аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жедел ахуалға тәулік бойы мониторинг жүргізуде. Айта кетсек тамыз айының басынан бері Сайрам ауданында бейнебақылау камералары арқылы 300-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Полицейлер әрбір деректі дер кезінде назарға алып, тиісті шаралар қабылдауда.  

Мәселен , ауданының көшелерінің бірінде бейнебақылау камералары арқылы Opel Vectra автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Нақтырақ айтқанда үйіне асыққан жүргізуші көлік құралын басқару барысында қос тұтас сызықты басып өтіп, қарсы бағытқа шығып бұрылыс жасаған.  Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік шара көріліп, жинақталған іс материалдары сотқа жолданды. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, асығыстыққа жол бермеуге шақырады. Баратын жерге бірнеше минут ерте жеткеннен гөрі, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтап, діттеген жерге аман-есен жету әлдеқайда маңызды. Себебі асығыстықпен жасалған бір ғана қауіпті маневр орны толмас салдарға әкелуі мүмкін.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді