Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында полиция биыл камералар арқылы 79 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті

Түркістан облысында полиция биыл камералар арқылы 79 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында полиция биыл камералар арқылы 79 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолын кесті, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заманауи технологиялар тиімді қолданылуда. Соның бірі – жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары. Олар жол ережесін бұзған жүргізушілерді дер кезінде анықтап, жедел шара қабылдауға мүмкіндік береді. Кезекті жұмыс күні жедел басқару орталығы инспекторының назарына Түркістан қаласындағы О.Жарылқапов пен Кенесары көшелерінің қиылысында КамАЗ жүк көлігінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны ілікті. 56 жастағы жүргізуші қарсы бағытқа шығып, қосарланған тұтас сызықты басып өткен. Инспектор оқиға орнына жақын маңдағы патрульдік полиция экипажын бағыттады. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтатып, жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданды.

Нәтижесінде ол 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Айта кетейік, облыс полицейлері жедел басқару орталығының камералары арқылы жыл басынан бері 79 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты дер кезінде тоқтатып,  оқыс оқиғалардың алдын алды. Соның ішінде 126 дерек қарсы бағытқа өту. Қарсы қозғалыс жолағына шығу – жол-көлік оқиғаларына себеп болатын ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Мұндай әрекет жүргізушінің ғана емес, жолдағы өзге де азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан тәртіп сақшылары жүргізушілерді қарсы бағытқа шықпауға және жолдағы әрбір әрекетке жауапкершілікпен қарауға шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді