Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда ұжымдық шарттар саны артты

Қазақстанда ұжымдық шарттар саны артты
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы өзара түсіністік пен келісімге негізделген еңбек қатынастары кеңейіп келеді. 2026 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша елімізде 19 683 ұжымдық шарт цифрландырылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 11 мыңнан астам келісімге өскен, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік әріптестікті дамыту – еңбек саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Тәжірибе көрсеткендей, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында тұрақты әрі ашық диалог орнаса, еңбек дауларының алдын алуға, жалақыға қатысты мәселелерді уақытында шешуге және жұмысшылар үшін тұрақты жағдай жасауға болады.

Ұжымдық шарттарды цифрлық форматқа көшіру тараптардың өз міндеттерін қалай орындап жатқанын бақылауды жеңілдетеді. Сонымен қатар бұл мемлекеттік органдарға еңбек қатынастарының жағдайын жедел бақылап, қажетті шараларды уақытында қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүгінде ұжымдық шарт жай ғана ресми құжат емес. Ол жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы еңбек қатынастарын нақты реттейтін маңызды құралға айналып отыр. Құжатта жалақы төлеу, еңбек қауіпсіздігі, кәсіби оқыту, қызметкерлерді әлеуметтік қолдау және тараптар арасында түсініспеушілік туындаған жағдайда оны шешу тәртібі бойынша қосымша кепілдіктер қарастырылуы мүмкін.

Әлеуметтік әріптестіктің дамуы ұжымдық еңбек дауларының азаюына да әсер етіп отыр. Жұмыс берушілер туындаған мәселелерді бірден шиеленіске жеткізбей, келіссөз арқылы шешуге көбірек көңіл бөлуде. Бұл еңбек ұжымындағы тұрақтылықты сақтауға септігін тигізеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұжымдық шарттар арқылы еңбек қатынастарын реттеу жұмыстарын одан әрі жалғастырады. Алдағы уақытта цифрландыруды дамытуға, әлеуметтік әріптестік жүйесімен қамтылған кәсіпорындар санын арттыруға және еңбек дауларының алдын алу тетіктерін жетілдіруге басымдық берілмек.

Ұжымдық шарттардың көбеюі жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы өзара сенімді нығайтып, еңбек мәдениетін қалыптастыруға және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді