Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 26 мыңнан астам жұмыскерге арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды

Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 26 мыңнан астам жұмыскерге арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істеген азаматтарды әлеуметтік қолдау шараларын жүйелі түрде іске асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша арнаулы әлеуметтік төлемді 26,1 мың жұмыскер алып отыр. Қаражаттың жалпы көлемі 24 млрд теңгеден асты. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлем алушылар саны 3,7 мыңға жуық адамға артты.

Арнаулы әлеуметтік төлем заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін азаматтарға тағайындалады. Ол жұмыскерлерге зиянды еңбек жағдайларындағы қызметін тоқтатуға немесе еңбек табысын сақтай отырып, қауіпсіз еңбек жағдайларындағы жұмысқа ауысуға мүмкіндік береді.

Арнаулы әлеуметтік төлем бірнеше қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады. Оның құрамына арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы, сақтандыру төлемдері, жұмыс берушілердің қаражаты, сондай-ақ міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған төлемдер кіреді.

Аталған қолдау шарасы өндірістегі зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт еңбек еткен жұмыскерлерді қосымша әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру және еңбек қауіпсіздігі жүйесін дамыту бағытындағы жұмысты жалғастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
2 комментария
  • Sharyn
  • 17-08-2026, 08:40
  • : 08:40
Some guys would prefer good wine, while others might prefer low vodka. As a real doctor of pleasure, you would want the aged to perfection combination. You are about to witness women who have mastered romance when you are even born. https://estboproperties.com/author/marianaschneid/
Consulting a healthcare professional as soon as you experience joint discomfort is crucial to prevent possible significant complications. Prompt diagnosis allows for quick identification of the root cause and enables the initiation of appropriate treatments, which can preserve mobility and improve overall well-being. http://hompy006.dmonster.kr,
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді