Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында полицейлер демалыс күндері бірнеше құқық бұзушылықтардың алдын алды

Абай облысында полицейлер демалыс күндері бірнеше құқық бұзушылықтардың алдын алды
Фото: polisia.kz

Демалыс күндері Абай облысының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған түнгі рейдтік іс-шара өткізді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір түннің ішінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтап, жолын кесті. Олардың әрқайсысы жүргізушілердің, жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін еді. Анықталған құқық бұзушылықтардың қатарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау, қауіпсіздік белдігін және мотошлемді пайдаланбау, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон қолдану, қауіпті маневр жасау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, сондай-ақ көлік құралын жүргізу құқығынсыз, міндетті сақтандырусыз және техникалық байқаудан өткізбей басқару фактілері бар.

Ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылды. Полицейлер алкогольдік ішімдік ішіп, мас күйінде көлік жүргізген екі жүргізушіні дер кезінде көлік басқарудан шеттетті. Тағы бір жағдайда жолда апатты жағдай туғызу әрекетінің жолы кесілді. Сонымен қатар тіркеуден өтпеген, сондай-ақ тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын пайдалану, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ немесе нөмірлері оқылмайтын автокөліктер де анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты заңнамада көзделген шаралар қабылданды. Жеті автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасұлан Байкенов:

- Әрбір дер кезінде анықталып, жолы кесілген құқық бұзушылық — ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алу. Жолдағы қауіпсіздік әрбір азаматтың жауапкершілігі мен тәртібіне тікелей байланысты, — деді ол. 

Полиция мұндай іс-шаралардың басты мақсаты — қауіпті жағдайлардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу және адам өмірін сақтау екенін еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді