Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да полицейлер жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктерді тексерді

СҚО-да полицейлер жолаушылар тасымалымен айналысатын көліктерді тексерді
Фото: Polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер "Тасымалдаушы" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Мақсат – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Назар аударатын негізгі бағыттардың бірі – жолаушылардың өмірі мен денсаулығына заң жүзінде жауап бермейтін заңсыз тасымалдаушылар. Үш күн ішінде тәртіп сақшылары 17 заңсыз такси жүргізушісін анықтады. Жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктерді тексеру барысында рұқсат құжаттарының болуы, қызметтің тіркелуі, көліктің техникалық жағдайы мен жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударылды. Қоғамдық көліктерге қатысты тексерулер көлікті заңсыз қайта жабдықтап пайдалануға жол бермеу және жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бұзу фактілерінің алдын алуға бағытталған. Әрбір бұзушылық – жолаушылардың өміріне қауіп. 

Сонымен қатар полицейлер көлік құралын мас күйінде басқару, жылдамдықты арттыру, маневр жасау ережелерін бұзу, қауіпсіздік белдігін тақпау, балаларға арналған арнайы құрылғыларды қолданбау сынды өрескел құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты күшейтті. Осы күндері облыс жолдарында 496 түрлі құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, көлік басқару құқығы жоқ 41 жүргізуші, жүргізуші куәлігінен айырылған 7 адам және мас күйінде көлік жүргізген 11 жүргізуші ұсталды. Іс-шара мүдделі органдармен бірлесіп жүргізілуде. Полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы "Заң және тәртіп" тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру тек азаматтардың жауапкершілікпен қарауы арқылы мүмкін екенін еске салады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді