Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында саз балшықты заңсыз өндіру фактісінің жолы кесілді

Павлодар облысында саз балшықты заңсыз өндіру фактісінің жолы кесілді
Фото: polisia.kz

"Таза Қазақстан" бастамасы аясында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Май ауданында полиция қызметкерлері саз балшықты заңсыз өндіру және тасымалдау фактісін анықтады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері саз балшық тиелген УАЗ автокөлігін тоқтатты. Көлік құралынан шамамен 800 келі саз балшық анықталды. Тексеру барысында жергілікті тұрғынның Ақшиман ауылдық округі аумағынан саз балшықты жеке қажеттілігі үшін өз бетінше қазып алып, автокөлікке тиегені белгілі болды. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тиісті материалдарды жинақтап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолдады. Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, табиғи ресурстарды өз бетінше өндіруге жол бермеуге және жер қойнауы мен жер учаскелерін пайдалануға байланысты жұмыстарды жүргізбес бұрын қажетті рұқсаттардың бар-жоғын алдын ала анықтауға шақырады. "Заң мен тәртіп" қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізгі ұстанымдарының бірі болып қала береді. Заң талаптарын бұзған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді