Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Белградта сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келіссөздер өтті

Белградта сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөнінде келіссөздер өтті
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Сербия басшылығымен келіссөздер жүргізіп, Белградқа жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесулер барысында Сербия Премьер-министрінің орынбасары – Ішкі істер министрі Ивица Дачичпен, Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Дамьян Йовичпен, Ішкі және сыртқы сауда министрі Ягода Лазаревичпен, Халықаралық экономикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі министр Ненад Поповичпен екіжақты саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Тараптар сондай-ақ Мемлекет басшысының 2024 жылы Сербияға жасаған ресми сапарының және Сербия Президенті Александр Вучичтің 2026 жылғы ақпанда Астанаға сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын қарастырды.

Ядролық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім беру, ғарыш және цифрлық технологиялар, сондай-ақ жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары атап өтілді.

Сапар аясында Сербия Сауда-өнеркәсіп палатасының және Қазақ-серб іскерлік кеңесінің өкілдерімен кездесулер өткізіліп, іскерлік байланыстарды кеңейту және өзара тиімді жобаларды ілгерілету перспективалары талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар, ең алдымен, сауда-экономикалық салада қазақ-серб әріптестігін одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді