Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жалған нөмір таққан Nissan жүргізушісі қамауға алынды

Жалған нөмір таққан Nissan жүргізушісі қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері көлік құралына көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып, басқарған жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық бұзушылық "Ертіс" бақылау-өткізу пункті маңында тіркелген. Тексеру барысында Nissan автокөлігіне орнатылған мемлекеттік нөмірдің бұған дейін есептен шығарылғаны анықталды. Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.

— Жүргізушіге қатысты қажетті материалдар жинақталып, сотқа жолданды. Сот шешімімен ол көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айырылып, бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды, — деді Павлодар облысы ПД патрульдік полиция ротасының командирі Асет Рыспаев. 

Полиция жүргізушілерге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін заң талаптарына сәйкес пайдаланудың маңызын еске салады. Көлік құралына тек ресми түрде тіркелген мемлекеттік нөмірді орнату қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді