Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші ұсталды

Павлодарда жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші ұсталды
Фото: polisia.kz

Павлодарда жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Павлодар облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылған заманауи бақылау жүйелері өз нәтижесін беруде. Соған қарамастан, кейбір жүргізушілер заң талаптарын айналып өту үшін түрлі айла-шарғыға жүгінуде. Солардың бірі – көлік құралына жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін тағу. Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Омбы – Майқапшағай автожолында ВАЗ-21093 автокөлігін тоқтатты. 

Тексеру барысында көлікті басқарған Павлодар қаласының тұрғыны пайдаланған мемлекеттік нөмірдің өзге автокөлікке тіркелгені анықталды. Павлодар облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының командирі Асет Рыспаевтың айтуынша, аталған құқық бұзушылыққа байланысты жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылып, жалған нөмір тәркіленген. Ал көлік арнайы тұраққа қойылды. Жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмірлерді пайдалану – ауыр құқық бұзушылықтардың қатарына жатады. Мұндай әрекеттер көбіне көлік ұрлығы, заңсыз тасымал немесе айыппұлдан жалтару секілді өзге де заңсыз істерді жасырумен байланысты болуы мүмкін. Полиция әрбір жүргізушіні заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Көлік құралын тек өзіне тіркелген ресми мемлекеттік нөмірмен басқару – әр азаматтың міндеті. Ал жалған нөмірлерді пайдалану әкімшілік жауапкершілікпен қатар, қылмыстық жауаптылыққа да әкелуі ықтимал.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады