Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада камераға түспеу үшін нөмірін жапқан жүк көлігінің жүргізушісі көлік басқару құқығынан айырылды

Астанада камераға түспеу үшін нөмірін жапқан жүк көлігінің жүргізушісі көлік басқару құқығынан айырылды
Фото: polisia.kz

Елордада жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның негізгі мақсаты – жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. ЖПІШ-нің алғашқы күнінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 600-ге жуық дерегін анықтады. Олардың ішінде ең көп таралғаны – жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын бұзудың 200-ден астам дерегі, белгіленген техникалық талаптарға сай келмейтін көлік құралдарын басқарудың 100-ден астам жағдайы, сондай-ақ көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланудың 90-ға жуық дерегі бар. Сонымен қатар көлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 15 дерегі және қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығудың 11 фактісі анықталды. Осындай заң бұзушылықтардың бірі елордаға кіреберісте анықталды. Howo жүк көлігінің 24 жастағы жүргізушісі бейнекамераларға түспеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмірін матамен жауып қойған.

Алайда құқық бұзушылықты жасыру әрекеті нәтижесіз болды. Жүргізуші тоқтатылып, жауапқа тартылды. Сот шешімімен ол бір жыл мерзімге көлікті басқару құқығынан айырылып, қамауға алынды. Полиция мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жасыруға әрекет жасау, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтау және жол қозғалысы ережелерін бұзудың басқа да түрлері заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін барлық құқыққа қайшы әрекеттер “Заң мен тәртіп” қағидатын іске асыру аясында қатаң түрде тоқтатылатын болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді