Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полиция ер адамнан есірткінің 100-ден астам бір реттік дозасын тәркіледі

Астанада полиция ер адамнан есірткінің 100-ден астам бір реттік дозасын тәркіледі
Фото: polisia.kz

Елордада полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында есірткі заттарын сақтау фактісін анықтады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

28 жастағы ер адамның пәтеріндегі шкафтардың бірінен таратуға арналған, алдын ала бөлшектеліп салынған есірткі заты бар пластик түтікшелер табылды. Барлығы 100-ден астам бөлшектелген каннабис шайырының дозасы, сондай-ақ осыған ұқсас зат салынған ыдыс, электронды таразы және есірткіні өлшеп, буып-түюге пайдаланылған өзге де заттар тәркіленді. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы бір келіден асты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция есірткі заттарын сақтау, дайындау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Заңсыз табыс үшін бостандығыңызды тәуекелге тігудің қажеті жоқ — есірткі айналымына кез келген қатысу қатаң жауапкершілікке әкеледі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді