Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада полиция гашиш сату арнасын әшкереледі

Астанада полиция гашиш сату арнасын әшкереледі
Фото: Polisia.kz

Астанада полиция гашиш сату арнасын әшкереледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада жүргізілген жедел іс-шаралар барысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған шетел азаматы ұсталды. Тінту кезінде одан өзіне тән иісі бар, өсімдік тектес зат салынған қағаз қорап табылып, оның гашиш екені анықталды. Есірткі заты тәркіленіп, күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Одан әрі жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәркіленген есірткіні сатуға қатысы бар тұлға анықталды. Оның 57 жастағы жүк тасымалдаушы болып жұмыс істейтін елорда тұрғыны екені белгілі болды.

Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту кезінде шамамен 6 келі гашиш табылды. Сатуға дайындап қойған 10 қаптама есірткі заты мен 110 қағаз орам, сондай-ақ өлшеуге және буып-түюге арналған таразы мен құралдар тәркіленді. Ер адам есірткі заттарын таныстары арқылы орамдарды сатып алушыларға қолма-қол беріп отырған. Барлық тәркіленген зат айғақ ретінде алынды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция есірткі заттарын сақтау, сату және тарату үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті