Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Астанада Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 10 тамыз күні қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай еске алу шарасы өтті. Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырған рәсімде зиялы қауым мен қоғам өкілдері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлы ойшылдың рухына тағзым етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тағылымды іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді, қалалық мәслихат төрағасы Зейнұлқабден Табиғат, Қоғамдық кеңес төрағасы, академик Кәрімбек Құрманәлі, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, одақтың Астана қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Бабажанұлы, жазушы Роза Мұқанова, ақындар Алмахан Мұхамедқалиқызы, Жанарбек Әшімжан және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.
Жиналғандар Абай мұрасының қазақ руханиятындағы айрықша орнына тоқталып, ақын көтерген білім, еңбек, әділет, адамгершілік пен бірлік идеяларының бүгінгі қоғам үшін де маңызын жоғалтпағанын атап өтті. Ғасырлар тоғысса да, Абайдың ой-тұжырымдары ұлттың рухани жаңғыруына жол көрсетіп, жас ұрпақты парасат пен ізгілікке үндеп келеді.Ұлы ақынға көрсетілген құрмет – Абай аманаттаған асыл құндылықтарға, қазақтың тілі мен әдебиетіне, ұлттық рух пен мәдени мұраға деген тағзымның көрінісі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты