Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алакөл жағалауында дронмен рейд жүргізілді

Алакөл жағалауында дронмен рейд жүргізілді
Фото: polisia.kz

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Алакөл көлінің жағалауында Жетісу облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері дронның көмегімен рейдтік іс-шара өткізді,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Заманауи технологияларды пайдалану арқылы жағалау аумағына әуеден мониторинг жүргізіліп, қоршаған ортаны ластау фактілері анықталды. Мұндай тәсіл құқық бұзушылықтарды жедел анықтауға және табиғи аумақтардың тазалығын тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Рейд барысында полиция қызметкерлері демалушылармен және жергілікті тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Азаматтарға тұрмыстық қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға тастау, табиғатты аялау және қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігі ескертілді. Алакөл – еліміздің табиғи байлығы әрі мыңдаған туристер келетін ерекше демалыс орны. Оның тазалығы мен көркін сақтау – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осыған байланысты полиция табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоқысты бей-берекет тастамауға және қоршаған ортаны таза ұстауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді