Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «Мөлдір бұлақ» акциясы: еріктілер Ақбұлақ жағалауын тазартты

Астанада «Мөлдір бұлақ» акциясы: еріктілер Ақбұлақ жағалауын тазартты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» бастамасы өтті. Игі шара барысында еріктілер өзен жағалауын тазалап, тұрғындарды табиғатты аялауға шақырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы ауданындағы Ақбұлақ саябағының жағалауында өткен сенбілікке 30-дан астам ерікті қатысты. Іс-шараның мақсаты – су ресурстары мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау.Ішкі саясат басқармасының маманы Ернар Қуанышбайұлының айтуынша, қазір сенбілікке шамамен 35 ерікті қатысып жатыр. Олардың қатарында жасы үлкен тұрғындар да бар.

«Еріктілер өзен жағалауын қоқыстан тазартып жатыр. Мұндай шаралар апта сайын екі рет ұйымдастырылады. Шараның басты мақсаты – Қазақстанның тазалығын сақтау. Бұл бастама президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асып жатыр», – деді Ернар Қуанышбайұлы.

«Астана Жастары» КММ волонтерлік бөлімінің маманы Дана Азаматқызы барша қазақстандықты табиғатты қорғауға шақырды.

«Іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында, «Жақсылық марафоны» апталығына орай ұйымдастырылып отыр. Сондықтан барша тұрғындарды осындай сенбіліктерге қатысуға шақырамыз. Табиғатты қорғауға бәріміз бірге атсалысайық», – деді ол.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді