Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында биыл ЖҚЕ бұзған 83 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодар облысында биыл ЖҚЕ бұзған 83 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында биыл ЖҚЕ бұзған 83 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс жолдарында полиция қызметкерлері күн сайын жылдамдық режимін бұзған жүргізушілерді анықтап, жауапкершілікке тартады. Тәжірибе көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының көпшілігі қозғалыс жылдамдығын дұрыс таңдамаудың салдарынан орын алады.

– Жол қозғалысы ережелерін сақтамайтын жүргізуші жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін: жаяу жүргіншіні қағып кетуі немесе басқа көлік құралдарымен соқтығысуы ықтимал, – дейді Павлодар облысы ПД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы Бакибай Ахмадьянов. 

Мәселен, Павлодар қаласында Toyota автокөлігінің жүргізушісі сары бағдаршам белгісіне өтіп, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін тоқтатылды. Осыған ұқсас құқық бұзушылықты М. Жүсіп көшесімен келе жатқан KIA автокөлігінің жүргізушісі де жасаған. Жыл басынан бері Павлодар облысында осындай құқық бұзушылық үшін 83 092 жүргізуші жауапқа тартылды. Полиция барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін және белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады. Жол қауіпсіздігі – баршаның ортақ жауапкершілігі. Әрбір жүргізуші мұқияттық, тәртіп және жол қозғалысының басқа қатысушыларына құрмет көрсету арқылы қауіпсіз орта қалыптастыруға өз үлесін қоса алады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді