Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында жол ережесін бұзған 400-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодар облысында жол ережесін бұзған 400-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жол ережесін бұзған 400-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында полиция қызметкерлері жүйелі жұмыс жүргізуде: автожолдарды тексеру, Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзушылықтардың жолын кесу шаралары қабылдануда.
– Мәселен, Павлодар қаласында Назарбаев – Баймолдин көшелерінің қиылысында Нива автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп, өз өмірін, жолаушыларын және өзге де жол қозғалысына қатысушыларды қауіпке тікті. Жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Жол қозғалысы қағидаларының ең негізгі талаптарының бірін сақтамау жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін, оның салдарынан адам шығыны болуы ықтимал. Сигналдың ауысуын аңғармай қалған жүргізушілер түрлі сылтау іздейді. Кейбірі "үлгеріп өтемін", - деп тәуекелге барады. 

Алайда тоқтатылған әрбір жүргізуші асығыс болғанын немесе мұқият болмағанын алға тартқанымен, бұл оны жауапкершіліктен босатпайды, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов. Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені үшін 400-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді