Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Болашақ ойындары – 2026»: әлемдік командалар Астанаға келіп жатыр

«Болашақ ойындары – 2026»: әлемдік командалар Астанаға келіп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna халықаралық турнирінің қатысушыларын қарсы ала бастады. Елордаға әлемдегі жетекші фиджитал және киберспорт командалары келуде. Олардың қатарында ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алдағы күндері Астана 50-ден астам ұлттың 800-ден аса спортшысын біріктіріп, дәстүрлі спорт түрлері, компьютерлік ойындар мен заманауи технологиялар тоғысатын әлемдік фиджитал спорттың басты алаңдарының біріне айналады.

Елордаға алғашқылардың бірі болып Phygital Basketball Presented by Halyk Fund дисциплинасының қатысушылары келді. Олардың қатарында MINSK, Zagrebacki malisani NITUI, Vozdovac Belgrad, Dangerous Meridianbet, Flow Game Basketball және Латын Америкасындағы ең танымал спорт клубтарының бірі саналатын Boca Juniors командалары бар. Клубтың баскетбол бөлімі Аргентинаның қазіргі екі дүркін чемпионы әрі Basketball Champions League Americas турнирінің жеңімпазы болып табылады. Ал клубтың фиджитал командасы «Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna турниріне ұлттық іріктеуде жеңіске жету арқылы жолдама алды.

Фиджитал-баскетбол командаларынан кейін елорда турнирдің өзге де дисциплиналарының қатысушыларын қабылдауға дайындалуда. Астанаға келетін ең танымал ұжымдардың қатарында Xtreme Gaming, Vici Gaming, Team Falcons, Team Spirit, T1, Bigetron by Vitality, Twisted Minds, 17 Gaming, Aurora Gaming және The MongolZ бар. Олар MOBA PC Dota 2 Presented by Bank CenterCredit, MOBA Mobile MLBB Presented by FREEDOM, Battle Royale – PUBG: BATTLEGROUNDS Presented by Alatau City Bank, Phygital Shooter CS 2 Presented by Yandex GO және турнир бағдарламасындағы басқа да дисциплиналарда бақ сынайды.

Спорт нысандарында соңғы дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Турнир барысында цифрлық матчтар мен дәстүрлі жарыстарды қатысушылар мен көрермендерге арналған интерактивті аймақтар мен заманауи технологиялық шешімдер толықтырады. Командалардың келуі турнирдің негізгі оқиғаларының басталғанын білдіреді. Фиджитал және киберспорт жанкүйерлері бұған дейін халықаралық трансляциялар арқылы ғана тамашалаған әйгілі ойыншылар мен командалардың өнерін енді Астанада тікелей көре алады.

«Болашақ ойындары 2026» (GOTF 2026) powered by Samruk-Kazyna 29 шілде мен 9 тамыз аралығында Астанада өтеді. Бағдарлама физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін сегіз дисциплинадан тұрады. Билеттер ресми оператор Freedom Ticketon платформасында және Freedom SuperApp мобильді қосымшасында қолжетімді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді