Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“ІІМ үздік жедел уәкілі” байқауының жеңімпаздары марапатталды

“ІІМ үздік жедел уәкілі” байқауының жеңімпаздары марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы ІІМ жедел бөлімше қызметкерлері арасында өткен “Үздік жедел уәкіл” республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

<!--more-->Байқауға еліміздің криминалдық полиция бөлімшелерінің 17 үздік жедел қызметкері қатысты.<!--more-->

– Қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау – ішкі істер органдары қызметкерлерінің басты міндеті. Қызметтік борышын адал атқару үшін полицей кәсібибілікті және білімді болуы тиіс, – деді ведомство басшысы.

<!--more-->Министр бүгінгі таңда ең күрделі және аса шытырман қылмыстар жедел қызметкерлердің білімі мен дағдыларының, олардың табандылығының, адалдығының, батылдығы мен қылмысқа қарсы күрестегі жедел тапқырлығының арқасында ашылатынын атап өтті.

<!--more-->Ерлан Тұрғымбаев соңғы уақытта қоғамды ақпараттандырудың дамуына байланысты қылмыстардың саны артып келе жатқанын жеткізді. Жылдан жылға олардың саны қарқынды өсуде. Жыл басынан бері елімізде 16 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген, бұл барлық қылмыстардың 15%-ын құрайды. Ақпараттық технологиялар қолданылатын басқа да қылмыстардың саны арта бастаған.

<!--more--><!--more-->Сондықтан, қазіргі жағдайда жедел-іздестіру қызметінің базалық білімдерінен басқа, жедел қызметкерлер цифрлық технологиялармен жұмыс істеу дағдылары мен іскерліктерін дамытуы қажет.

<!--more-->Жалпы, өткізілген байқау жедел-іздестіру қызметін одан әрі дамытуға және жедел уәкілдердің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етеді.

<!--more-->Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты