Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ учаскелік пункттер мен стационарлық полиция бекеттері желісін көбейтуде

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Полиция департаментінің бірқатар нысандарын аралады. Олардың қатарында Ақтөбе қаласының ең жанданған орындарының бірі – Орталық даңғылдағы спорт сарайы ауданында орналасқан модульдік стационарлық бекет бар, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Онда полицейлердің қызмет атқаруына және азаматтарды тәулік бойы қабылдауға қажетті барлық жағдайлар жасалған. Министр халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың полицияны қолдауын жоғары бағалады.


Дамыған елдердің тәжірибесі бойынша қазіргі заманғы стационарлық полиция бекеттері неғұрлым криминогенді учаскелерде орнатылуда. Ақтөбеде осындай бес бекет бар.


– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тапсырғандай, сервистік модельдің негізгі элементі “жұрқа жақын полиция” болуы тиіс. Осы қағидатты іс жүзінде іске асыра отырып, біз қоғамдық орындарда құқық тәртібі органдарының тұрақты болуына қол жеткіземіз. Азаматтар өздерін қауіпсіз сезініп, полицияға жүгіну кезінде ешқандай проблема болмауы керек. Бүгіннің өзінде біз нәтижелерді көріп отырмыз – стационарлық бекеттер орнатылған жерлерде құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай азайды, – деп атап өтті ведомство басшысы.


2020 жылы облыс аумағында қылмыс 37% – ға төмендеді.


Министр жергілікті полиция қызметін реформалау мәселесінде учаскелік инспекторға негізгі рөл берілетінін атап өтті. Осыған байланысты Ерлан Тұрғымбаев полиция қызметкері отбасымен бірге тұратын учаскелік пунктпен біріктірілген үйге барды.


ІІМ басшысы учаскелік полиция инспекторының барлық уақытта қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскеде болуы маңызды екенін және өңірде құқық бұзушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету үшін олардың штаттарын ішкі резервтер есебінен толық жасақтау қажет екенін атап өтті.


– Әкімдіктермен бірлесіп, учаскелік инспекторларға тиісті жағдай жасап, учаскелік пункттер желісін кеңейте отырып, біз азаматтарымыздың қауіпсіздік деңгейін арттырамыз. Мұндай жұмысты біз барлық өңірлерде жүргізетін боламыз, – деді Ішкі істер министрі.


Полиция қызметкерлеріне құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде еріктілер үлкен көмек көрсетеді. Облыс бойынша ішкі істер органдары өткізетін барлық алдын алу іс-шараларына 300-ден астам ерікті қатысады. Министр еріктілермен кездесіп, оларға карантин режимін және қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз етуге көмектескені үшін алғыс айтты.


Соңында ІІМ басшысы жеке құраммен кездесіп, Полиция департаменті қызметкерлерінің алдына өңірдегі қауіпсіздік деңгейін арттыру және халықпен жұмысты жалғастыру, олардың мәселелерін дереу шешу міндеттерін қойды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді