Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет ӘМАТ бағасын тұрақтандыру шараларын күшейтуде

Үкімет ӘМАТ бағасын тұрақтандыру шараларын күшейтуде
Фото: primeminister.kz

Шілдедегі үш аптаның қорытындысы бойынша ӘМАТ бағасының орташа индексінің -0,1%-ға төмендеуі жыл басынан бері алғаш рет тіркелді. Бұл дерек Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен инфляция бағасын тұрақтандыру мәселесі жөніндегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маусым қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция 10,3% (мамырда 10,4%). Орташа республикалық деңгейден жоғары жылдық инфляция деңгейі еліміздегі 11 өңірде байқалды. Ең жоғары көрсеткіш Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Жетісу мен Ақмола облысында тіркелді.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова хабарлағандай, шілде мен тамыз дәстүрлі түрде негізгі азық-түлік бағасын маусымдық тұрақтандыру кезеңі. Соңғы аптада қызанақ (-15,1%), қияр (-18,2%), сәбіз (-5,2%) және жұмыртқа (-2,4%) айтарлықтай арзандады. Сонымен қатар, кейбір ет өнімдеріне, қой етіне (2%), жылқы етіне (1,3%) және тартылған етке (0,6%) бағаның өсуі сақталуда.

Осыған байланысты Серік Жұманғарин Үкіметтің одан арғы іс-қимылын айқындау үшін өндіріс көлемін, ішкі тұтыну мен экспорттық жеткізілімді ескере отырып, ет және ет өнімдерін өндіру нарығына егжей-тегжейлі талдау жүргізуді тапсырды.

Бағаны одан әрі тұрақтандырудың негізгі факторының бірі ішкі өндірісті ұлғайту және отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту. Жыл соңына дейін өсімдік майын тазартатын үш зауытты пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл ішкі нарықтағы күнбағыс майын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жақын арада нан пісіру саласының 40 кәсіпорны үшін электр энергиясына жеңілдетілген тарифті көздейтін нормативтік құқықтық акт күшіне енеді. Бұл шара өндірістік шығынды төмендетуге мүмкіндік беріп, нан-тоқаш өнімінің тұрақты бағасын сақтауға ықпал етеді.

Бұдан басқа, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ел ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының темір жол тасымалына 70% жеңілдік ұсынады. Жергілікті атқарушы органдарға осындай тасымалдарға мониторинг жүргізуді және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша қарсы міндеттемелерді қолдаудың осы шарасын алушылардың орындауын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Кеңесті қорытындылай келе, Серік Жұманғарин мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге нарық қатысушыларымен атаулы жұмысты күшейтуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді