Павлодар облысында тыныштықты бұзған 3 мыңнан астам адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Шулы көршілер, қатты музыка және терезе астындағы шулы компаниялар тұрғындардың полицияға жүгінуіне себеп болып жатады. Әсіресе мұндай хабарламалар түнгі уақытта, тұрғындар тыныш демалуға үміт артқан кезде жиі түседі.
– Мәселен, түн ортасынан әлдеқайда кейін Қайырбаев көшесіндегі үйдің тұрғындары бірнеше сағат бойы музыканы қатты қойып, шулаған көршілеріне шағымданған. Олар ескертулерге құлақ аспаған. Сондай-ақ Набережная көшесіндегі үй тұрғындарынан да хабарлама келіп түсті. Оларға терезе астында шулаған жастар тыныштық бермеген. Тыныштықты бұзғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар әрқайсысымен тыныштық сақтау қажеттігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Жыл басынан бері Павлодар облысында тыныштықты бұзғаны үшін 3192 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция азаматтарға тағы да ескертеді: егер түнгі тынығуыңыз бен тыныштығыңызға шулы көршілер немесе үйде жүргізіліп жатқан жұмыстар кедергі келтірсе, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.