Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Тыныштықты бұзғаны үшін екі жарым мыңға жуық павлодарлық жауапқа тартылды

Тыныштықты бұзғаны үшін екі жарым мыңға жуық павлодарлық жауапқа тартылды
Фото: Polisia.kz

Тыныштықты бұзғаны үшін екі жарым мыңға жуық павлодарлық жауапқа тартылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Павлодар облысында қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты полицейлер тұрғындар тарапынан тыныштықты бұзу деректерін анықтады. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жауапкершілікке тартылғандардың басым көпшілігі — түнгі уақыттарда көңілді отырыс ұйымдастырып, музыка қойып, дау-жанжал шығаратын көршілер. 

Мәселен, таңғы сағат 04:13 шамасында Павлодар қаласының Байзақов көшесіндегі тұрғындар төменгі қабаттан шыққан қатты дауыстардан оянып кеткен. Мұнда көршілер күн құрғатпай жанжал шығарып, тыныштықты бұзуды әдетке айналдырған. Созылмалы сырқаты бар егде жастағы әйел бірнеше рет оларды сабырға шақырғанымен, мәселені бейбіт жолмен шешу мүмкін болмаған соң, полицияға хабарласуға мәжбүр болған. Тағы бір оқиға таңғы 04:55-те орын алды. Торайғыров көшесіндегі үй тұрғыны түнгі уақытта шектен тыс қатты қойылған музыкадан әбден мезі болып, полицияның көмегіне жүгінген. Оның айтуынша, көршісі музыканы ең жоғары дыбысқа қойып, әсіресе жұмыс күндері мазаны алады.

"Мұндай жағдайда өмір сүру қиын. Түсіністікпен сөйлесуге тырыссақ, керісінше, жанжалға ұласады", – деп ренішін білдірді әйел. 

Тұрғындарға бұдан былай мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі түсіндірілді. Полиция жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23:00-тен таңғы 10:00-ге дейін тыныштықты сақтау керектігін еске салады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді