Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Биыл Павлодар облысында мыңнан астам тұрғын тыныштықты бұзған

Биыл Павлодар облысында мыңнан астам тұрғын тыныштықты бұзған
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында биыл 1062 тұрғын түнгі уақытта тыныштықты бұзған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Всеволод Иванов көшесіндегі көпқабатты үйдің тұрғындарына жұмыс күнінен кейін тыныштықты сезінуге жанжалдың шуы кедергі болды.

Шу ұзақ уақытқа созылды, сондықтан сағат 00:00-де тұрғындар полицияға қоңырау шалған. Пәтер иелерінің ұлы анасына жанжал шығарғаны анықталды.

– Ер адам тәртіп сақшыларына мерекеге орай достарымен ішімдік ішіп, үйге кеш келгенін, оған анасы ескерту жасағанын айтты. Ұлына бұл оқиға ұнамағасын жанжал шығарған. Көршілердің шуды тоқтату туралы өтініштерін павлодарлық елемеген. Сондықтан тыныштықты бұзғаны үшін сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін қала тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ ер адаммен полицейлер мұндай жағдайлардың алдын алу туралы алдын алу әңгімесін өткізді, – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жағдайда, сағат 02:52-де Бұқар Жырау көшесіндегі үйдің тұрғыны пәтер терезесінің жанында “ер адам айқайлап, ескертуді елемейді” деп қоңырау шалды. Сол күні, сағат 04:00-де Лермонтов көшесіндегі үйдің тұрғындары жоғарыдан шу шығаратын көршілеріне шағымданды.

Бір тәуліктің ішінде Павлодар қаласының полициясына тыныштықты бұзу бойынша 10 шақыру келіп түскенін атап өткен жөн. Шақырудың барлық жағдайларында полиция қызметкерлері мәселені пысықтады, әрбір бұзушыға тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Осы жылы полиция Павлодар өңірінің түнгі уақытта басқалардың тыныштығын бұзған 1062 тұрғынын анықтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты