Абай облысында полиция қызметкерлері Алакөл жағалауында рейд өткізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жазғы туристік маусым кезінде Алакөл көлінің жағалауында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушыларды анықтау ғана емес, халық пен кәсіпкерлер арасында табиғатты қорғау мәдениетін және қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікті қалыптастыру. Рейд барысында ерекше назарды демалушыларға қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлерге аударылды. Осы кәсіпкерлер – Алакөл жағалауындағы жайлы демалыстың бет-бейнесі саналады.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері бірқатар бұзышылықты анықтады: демалыс орындарында қалдықтардың қалуы, аумақтардың тиісті деңгейде күтілмеуі және қоқыстарды шығару тәртібінің сақталмауы. Құқық бұзушыларға қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылданды. Бірақ бұл рейдтің ең басты мағынасы – әркімнің таза ортаға жауапкершілігі бар екенін еске салу. Полиция барлық жеке кәсіпкерді, демалушылар мен жергілікті тұрғындарды Алакөлдің тазалығына жауапкершілікпен қарауға және бірлесе әрекет етуге шақырады. Тек бірлескен күш-жігермен ғана табиғи сұлулықты сақтап, баршаға жайлы әрі қауіпсіз демалыс орнын қамтамасыз етуге болады.