Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның энергетика саласында энергия объектілерін мониторингтеуге арналған жасанды интеллект технологиялары енгізілуде

Қазақстанның энергетика саласында энергия объектілерін мониторингтеуге арналған жасанды интеллект технологиялары енгізілуде
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Цифрландыру жылы аясында Қазақстанның энергетика саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасуда. Энергетика министрлігі энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін, өндірістік процестердің тиімділігін және персоналдың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған цифрлық трансформацияға ерекше назар аударады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Осы бағыттардың бірі – «Самұрық-Энерго» АҚ іске асырып жатқан энергетикалық инфрақұрылымды мониторингтеуге арналған жасанды интеллект технологиялары мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану.

Жаңа цифрлық шешімдер электр беру желілерін, трансформаторларды, түтін мұржаларын, көмір қоймаларын және гидротехникалық құрылыстарды тексеруді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект алынған деректерді автоматты түрде талдап, ақауларды ерте кезеңде анықтап, оларды жою бойынша ұсынымдар қалыптастырады.

Атап айтқанда, электр беру желілері мен энергетикалық жабдықтарды ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен тексеру инспекция жүргізу уақытын 5–10 есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Ал түтін мұржаларын тексеру бұрын бірнеше күнді қажет етсе, енді шамамен екі сағаттың ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте қызметкерлердің биіктікте жұмыс істеу қажеттілігі толықтай жойылады.

Сонымен қатар, аэромониторинг технологиялары көмір қорларын бақылау үшін де қолданылады. Аэрофототүсірілім негізінде қоймалардың үш өлшемді модельдері жасалып, жасанды интеллект көмір көлемін автоматты түрде 99%-ға дейінгі дәлдікпен есептейді. Деректерді өңдеу уақыты бірнеше күннен 20 минутқа дейін қысқарды.

Цифрлық құралдар гидротехникалық құрылыстарды мониторингтеу кезінде де пайдаланылады. Аэрофототүсірілім және тепловизиялық бақылау деректерін талдау бөгеттердің тұтастығындағы бұзушылықтарды уақытылы анықтауға және технологиялық тәуекелдердің алдын алу бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект пен цифрлық мониторинг технологияларын енгізу энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін, өндірістік процестердің тиімділігін және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді. Бұл Энергетика министрлігінің энергетика саласын цифрлық трансформациялау жөніндегі стратегиялық бағытына толық сәйкес келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді