Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Halyk агроөнеркәсіп кешенінде цифрлық экожүйені дамыту жолында стратегиялық әріптестік орнатты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Halyk агроөнеркәсіп кешенінде цифрлық экожүйені дамыту жолында стратегиялық әріптестік орнатты
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Halyk агроөнеркәсіп кешенінің цифрлық экожүйесін (Е-АӨК) дамытуға бағытталған стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келісім саланы цифрлық трансформациялау жобаларын бірлесіп жүзеге асыруды, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді, аграршыларға арналған мемлекеттік сервистерді дамытуды, сондай-ақ деректерді талдау технологиялары мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалануды көздейді.

«Министрлік агроөнеркәсіп кешенін цифрлық трансформациялау жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Halyk-пен әріптестік жаңа цифрлық шешімдерді енгізуді жеделдетуге, деректерді талдау мен жасанды интеллектің әлеуетін тиімді пайдалануға, әкімшілік рәсімдерді жеңілдететін әрі ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыратын сервистерді әзірлеуге жол ашады», – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин.


«Банк секторы цифрлық трансформацияға бағытталған мемлекеттік бастамаларды іске асыруда әрдайым сенімді серіктес болып келеді. Бұл ынтымақтастық ауыл шаруашылығына заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді жеделдетуге, аграршыларға арналған мемлекеттік сервистердің қолжетімділігі мен қолайлылығын арттыруға, сондай-ақ саланың жалпы тиімділігін көтеруге ықпал етеді деп сенеміз», – деді Halyk Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Даурен Сартаев.

Келісім аясында тараптар агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық жүйелерін бірлесіп дамыту және жаңғырту, деректерді өңдеудің заманауи технологиялары мен жасанды интеллект құралдарын енгізу, сондай-ақ жаңа цифрлық сервистерді әзірлеу жөнінде уағдаласты.

Цифрлық мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі жетілдіруге ерекше назар аударылатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
6 комментариев
  • Alfie
  • 10-07-2026, 15:22
  • : 15:22
References: Legiano Casino Meinungen id41.ru
  • Garnet
  • 10-07-2026, 15:27
  • : 15:27
References: Legiano Casino Abzocke clients1.google.com.bd
  • Madonna
  • 10-07-2026, 15:36
  • : 15:36
References: Legiano Casino Paysafecard shourl.free.fr
  • Piper
  • 10-07-2026, 23:25
  • : 23:25
References: Legiano Casino Tischspiele discuss.7msport.com
  • Uta
  • 11-07-2026, 00:28
  • : 00:28
References: Legiano Casino Promo Code https://kpbc.umk.pl
References: Legiano Casino No Deposit Bonus https://shatunamur.ru/
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді