Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтеді

Алматыда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда 24-27 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен қала әкімдігінің қолдауымен WTT Youth Contender Almaty халықаралық турнирі өтеді. Дүбірлі додаға 17 ел мен аумақтан 230 жас спортшы қатысады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнирде қазақстандық спортшылармен қатар Австралия, Әзірбайжан, Гонконг, Израиль, Үндістан, Индонезия, Ирак, Иран, Катар, Қытайлық Тайбэй, Корея Республикасы, Малайзия, Моңғолия, Түрікменстан, Өзбекстан және Жапонияның өкілдері бақ сынайды.Қазақстан құрамасының сапында әртүрлі жас санаттарында өнер көрсететін 82 теннисші ел намысын қорғайды.Турнир Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) мен World Table Tennis (WTT) ұйымдарының қолдауымен ұйымдастырылады.

Жарыс халықаралық жасөспірімдер сериясының күнтізбесіне енгізілген. Сондықтан қатысушылардың көрсеткен нәтижесі әлемдік рейтингті қалыптастыру кезінде ескеріледі.Спортшылар 11 және 13 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы жекелей сында, сондай-ақ 15 және 19 жасқа дейінгі аралас жұптар арасындағы сайыстарда жүлделерді сарапқа салады.Жарыс ADD Ustel Tennis Ortalygy спорт кешенінде (Нұркент шағынауданы, 14Б) өтеді. Көрермендер үшін кіру тегін.Байрақты бәсекені SportPlus Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді