Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда бейнебақылау көмегімен көлік ұрлаған күдіктілер ұсталды

Қарағандыда бейнебақылау көмегімен көлік ұрлаған күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz

Қарағандыда цифрлық технологиялардың тиімділігі тағы бір мәрте дәлелденді. Бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер автокөлікті заңсыз иелену дерегін қысқа мерзімде ашып, күдіктілерді ұстады,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға 60 жастағы қала тұрғыны жүгініп, кешке үйінің ауласына қойған автокөлігін таңертең орнынан таппағанын хабарлаған. Хабарлама түскен бойда тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын бастады. Оқиғаның мән-жайын анықтауда бейнебақылау камераларының жазбалары шешуші рөл атқарды. Полицейлер бейнематериалдарды мұқият саралап, қылмыстың жасалған уақытын нақты белгілеп, күдіктілердің қозғалыс бағытын кезең-кезеңімен анықтады.

Жүргізілген жедел жұмыстардың нәтижесінде автокөлік соңғы анықталған мекенжайдан табылды. Көп ұзамай жедел уәкілдер күдіктілердің де ізіне шықты. Олар көрші көшеде тұратын 19 жастағы жігіт пен оның досы болып шықты. Ұсталған азаматтар өз кінәларын мойындап, тиісті жауаптарын берді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді