Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда полицейлер көліктен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады

Қарағандыда полицейлер көліктен ақша ұрлаған күдіктіні ұстады
Фото: polisia.kz

Қарағанды қаласында 35 жастағы жергілікті тұрғын тұрақта тұрған ГАЗель автокөлігінен 1,2 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстың "ізін суытпай" ашуға оқиға орнынан табылған саусақ іздері мен бейнебақылау камераларының жазбалары көмектесті. Сараптама нәтижесінде анықталған саусақ іздері күдіктіні әшкерелеуге мүмкіндік берсе, бейнежазбалар қылмыстың жасалу сәтін толық тіркеген. Өзінің бейнекамераға түсіп қалғанын білген күдікті тұрғылықты мекенжайынан кетіп, туыстарының үйіне де бармай жасырынуға тырысқан. Алайда полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде оның жүрген жері анықталып, күдікті қолға түсті. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Ол заттай айғақ ретінде барсетканы ерікті түрде қайтарғанымен, ұрланған қаражатты жұмсап үлгергені белгілі болды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді