Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда полиция қызметкерлері екі қылмыстың бетін ашты

Қарағандыда полиция қызметкерлері екі қылмыстың бетін ашты
Фото: polisia.kz

Қарағандыда полиция қызметкерлері екі қылмыстың бетін ашты, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.  

Қарағандыда қылмыстың ізін жасыру мақсатында автокөлікті өртеп жіберген күдікті ұсталды. Таңғы уақытта 63 жастағы ауыл тұрғыны өзіне тиесілі автокөліктің отқа оранғанын байқап, полицияға жүгінген. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелді. Кадрларда таңғы сағат бестер шамасында белгісіз ер адамның тұрақта тұрған көлікке жақындап, жүргізуші есігінің әйнегін сындырғаны көрінеді. Кейін ол салонға кіріп, өшірілмеген темекі тұқылын тастап шығып кеткен. Біраз уақыттан соң көлік жалынға оранып, толықтай жанып кеткен. Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтады.

Нәтижесінде 37 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында ол өз кінәсін толық мойындады. Алдын ала анықталғандай, күдікті бұған дейін аталған көлікте болған 1 мың АҚШ долларын қолды еткен. Кейін ұрлық фактісі әшкереленіп қалудан қауіптеніп, қылмыстың ізін жою үшін көлікті өртеп жіберуге бел буған. Осылайша ол ұрлықтың айғақтарымен бірге автокөліктің өзін де жоймақ болған. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды