Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті шомылу маусымының басталуына байланысты су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша профилактикалық және жедел іс-шараларды күшейтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта құтқарушылар күн сайын Есіл өзенінде патрульдеу жүргізеді, ал қауіпті учаскелерде үш мобильді құтқару бекетінің жұмысы ұйымдастырылған.Тұрғындар мен қала қонақтарының қауіпсіз демалысы үшін шомылуға арналған ресми бес орын белгіленген. Жабдықталмаған және қауіпті учаскелерде шомылуға тыйым салынғаны туралы ескерту белгілері орнатылған.
«Судағы жазатайым оқиғалардың басым бөлігі шомылуға арналмаған орындарда болады. Сондықтан тұрғындар мен қала қонақтарын тек ресми жағажайларда демалуға, балаларды қараусыз қалдырмауға және мас күйінде суға түспеуге шақырамыз», – деді Астана қаласы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бауыржан Ахметалин.