Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада шомылу маусымында қандай шаралар атқарылды

Астанада шомылу маусымында қандай шаралар атқарылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Биылғы шомылу маусымы кезеңінде Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті су айдындарындағы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асырды. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Әрлен Бүркітбай мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, қауіпсіздік шараларына күн сайын 80 маман, 9 жүзу құралы және 5 техника бірлігі жұмылдырылған. Қаланың су айдындарында 3 стационарлық бекет пен 16 патруль ұйымдастырылып, олардың жұмысы судағы жағдайды тәулік бойы бақылауға мүмкіндік берген. Жаяу патрульдер күн сайын таңғы 9:00-ден кешкі 21:00-ге дейін қызмет атқарса, Есіл өзенінің бойындағы катерлер тәулік бойы кезекшілікте болған.Қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Мартбек Мамраев атындағы 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілері де тартылған. Жазғы маусым аяқталғаннан кейін жаяу патрульдер өз жұмысын тоқтатқан, алайда катерлер мен мобильді бекеттер күзет қызметін жалғастыруда. Катерлер тәулік бойы, мобильді бекеттер күн сайын 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

«Профилактикалық бағытта қауіпті және жабдықталмаған учаскелерге 20 ақпараттық стенд, 250 тыйым салатын белгі және 17 бейнебақылау камерасы орнатылған. Маусым басталар алдында 90 мектепте түрлі сабақтар ұйымдастырылып, оған 21 000-нан астам оқушы қатысқан. Сонымен қатар, балаларды жүзу маусымына дайындау шеңберінде 600 бала судағы қауіпсіздік ережелері мен жүзу дағдыларын меңгерген», – дейді Әрлен Бүркітбай.

Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлерімен бірлесіп 176 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі анықталды. Атап айтқанда: 84 хаттама - ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша (ортақ су пайдалану тәртібін бұзу); 68 хаттама - 440-бап бойынша (қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу); 21 хаттама - 412-бап бойынша (тыйым салынған аумақтарда шомылу).Аталған құқықбұзушылықтар үшін жалпы сомасы 578 004 теңге көлемінде айыппұл салынған. Құтқарушылар мен әскери қызметшілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде 13 адам құтқарылған. 

«Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға шақырады», – дейді спикер.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті