Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында қос азаматтығы бар тұрғын елден шығарылды

Павлодар облысында қос азаматтығы бар тұрғын елден шығарылды
Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында қос азаматтығы бар тұрғын елден шығарылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан заңнамасына сәйкес, азаматтар бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттің азаматы бола алмайды. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар өңірінде 1387 адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Олардың 1362-сі өз еркімен басқа елдің азаматтығын алғанын хабарлаған. Мәселен, полиция қызметкерлері 54 жастағы Қазақстан азаматының көрші елдің азаматтығы барын анықтады. Бұл дерек бойынша сот ісі қаралып, нәтижесінде Железин ауданының тұрғыны елден шығарылды. Сондай-ақ оған Қазақстанға бес жыл бойы кіруге тыйым салынды. Павлодар қаласында тағы бір осындай құқық бұзушы анықталды. Ол АҚШ азаматтығын алғанын тиісті органдарға хабарламаған. Сот шешімімен ер адам кінәлі деп танылып, оған шамамен 800 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Заң талаптарын бұзған әрбір азамат міндетті түрде жауапкершілікке тартылады. Қазақстанда құқықтық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ішкі істер органдарының басты міндеті. Қос азаматтыққа жол бергендер заң алдында жауап береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді