Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Astana Pop Up Store: елордада алғаш рет жергілікті брендтердің дизайн-фестивалі өтеді

Astana Pop Up Store: елордада алғаш рет жергілікті брендтердің дизайн-фестивалі өтеді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Бейбітшілік және келісім сарайында 11-12 шілде күндері Астана қаласы әкімдігінің және «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының қолдауымен алғаш рет Astana Pop Up Store – сән, дизайн, гастрономия, музыка мен кәсіпкерлікті бір алаңға тоғыстыратын жергілікті дизайнерлердің жаңа қалалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі күн бойы Қазақстанның әртүрлі қаласынан келген 50-ден астам бренд киім, аксессуарлар, зергерлік бұйымдар, интерьер заттары, косметика, тұрмысқа арналған өнімдер мен авторлық жобаларын ұсынады.

Ұйымдастырушылар жергілікті брендтер мен заманауи қалалық мәдениетке қызығушылық танытатын бірнеше мың елорда тұрғыны мен қала қонағы келеді деп күтеді.

Astana Pop Up Store жобасын Қазақстандағы жергілікті бизнес пен креативті индустрияларды қолдайтын ең танымал бастамалардың бірі – Almaty Pop Up Store командасы жүзеге асырады. Соңғы жылдары бұл жоба қазақстандық брендтердің жаңа тұтынушылар табуына, өнімдерін сынақтан өткізуіне және жаңа нарықтарға шығуына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

«Бүгінде жергілікті брендтер Қазақстанның жаңа мәдени және экономикалық келбетін қалыптастырып жатыр.

Өнімдердің сапасы, дизайн деңгейі және кәсіпкерлердің амбициясы артып келеді. Astana Pop Up Store – брендтерді, сатып алушыларды, серіктестерді және жергілікті өндірісті қолдайтын жандарды тоғыстыратын кездесу алаңы», – дейді жобаның тең құрылтайшысы Мадина Аман.

Дизайн-жәрмеңкеде қонақтарға қазақстандық өндірушілердің дизайнерлік киімдері мен аксессуарлары, авторлық әшекейлері, қолдан жасалған сабын мен косметикасы ұсынылады.

Сонымен қатар биоинженерлер мен өнеркәсіптік дизайнерлердің теңіз балдырынан жасалған былғары, саңырауқұлақ негізіндегі көбік сияқты экологиялық материалдардан әзірленген инновациялық өнімдерінің прототиптері таныстырылады.

Фестиваль аясында гастрономиялық аймақ, серіктестердің арнайы жобалары мен музыкалық бағдарлама ұйымдастырылады. Бас сахнада екі күн бойы Moldanazar, Asiya, Torearyq, Yez және Oyeleye өнер көрсетеді. Іс-шара кеңістігі жаңа брендтермен танысып, олардың авторларымен жүздесуге және қазақстандық креативті индустриядағы жаңа есімдерді ашуға мүмкіндік береді.

Astana Pop Up Store фестивалінің елордада өтуі жергілікті өндіріс пен заманауи қазақстандық дизайнға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Жоба шағын бизнесті дамытуға, отандық брендтерді насихаттауға және қалалық тұтыну мәдениетінің жаңа үлгісін қалыптастыруға арналған тұрақты алаң құруды мақсат етеді.

Фестивальді Almaty Pop Up Store командасы Астана қаласы әкімдігі мен «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының қолдауымен ұйымдастырады.

Фестиваль 11-12 шілде күндері сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
3 комментария
  • Scott
  • 22-11-2026, 22:12
  • : 22:12
After logging into your account, open the deposit section and check the casino payments page. After creating your membership, complete the KYC process immediately. First, choose one of the casinos included in the payid pokies list we prepared. In this section, we will explain how you can make an instant bank transfer within minutes in 5 easy steps. Of course, as the first and most important step, your account on an Australian online pokies payid site must be verified. Depositing money into a payID pokies casino account is a very simple and fast process for Aussie players.
  • Sherry
  • 26-11-2026, 00:27
  • : 00:27
Its listed voucher-processing figure is the quickest among the five casinos in this comparison. Among Neosurf online casinos in Australia, it appeals to players with its organised account layout, diverse gaming options and readily available customer support. A useful casino review should explain what happens after a voucher has been redeemed, not simply describe the introductory offer. References: https://osi-club.org/praktikaboerse/topic/newest-neosurf-casinos-australia-what
-to-check/
  • Junior
  • 26-11-2026, 01:56
  • : 01:56
In this case, a phone number is used as the identifier rather than an email address; the details are valid for just 15 minutes; and there is simply no need to attach any supporting documents for the transaction. This approach helps players avoid unreliable operators and ensures that only trustworthy platforms make our recommendations. This ensures games are fair, payouts are reliable, and disputes can be escalated. For Australian players, this means withdrawals offer stronger protection than card payments, which typically pass through third-party processors. The variety of bonuses at this casinos ensures there’s something for everyone — from casual players to high rollers. References: online casino accepting payid
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды